Құймақ рецепт қазақша – Құймақты жасау жолдары – Cұрақ-Жауап

Құймақты жасау жолдары - Cұрақ-Жауап

Құймақ құрамы:
2 жұмыртқа;
2 стақан сүт;
1,5-2 стақан ұн;
2 ас қасық қант;
0,5 шай қасық тұз;
0,5 шай қасық ас содасы;
2 ас қасық сұйық май.
Құймақ дайындау:
Құймақ қалай жасалады. Жұмыртқа мен қантты араластырамыз. Тұз, сүт, сұйық май, ас содасын қосамыз. Ұнды біртіндеп қоса отырып, жақсылап араластырамыз. Құймақтың қамыры қою да, сұйық та болмауы керек. Құймақ пісіретін табаға кішкене май тамызамыз. Бір кішкентай ожау көлемінде құймақтың қамырын құямыз. Екінші бетіне аударамыз.

Құймақ пісірудің қыр-сыры. 9 кеңес

Аспаздықты сүйетін қыздар құймақ пісіруде көп қателікке ұрынып жатады. Құрамында ұнның, қанттың, тұздың, тіпті құйылатын судың көптігі құймақтың бозарып пісуіне, қатты боп пісуіне, не жыртылып қалуына әсер етеді. Құймақ қамырының құрамы нағыз мінсіздікті қалайды.

1. Ұнның жабысқақтығын арттыру үшін құймақ қамырына сұйықтықты ыстықтай құйған дұрыс;

2. Құймақ дәмді әрі әдемі болсын десеңіз, иленген ұнды бірден қолданбай, біраз уақытқа қойып қойыңыз.

3. Құймаққа қант пен тұзды мәзір бойынша салған дұрыс. Тұзы көп қамыр дұрыс көпірмейді, сол себепті құймақ бозарып піседі. Қантты көп қосқаннан қамыр қатты болып қалады.

4. Егер құймаққа арналған ұнды тұзды суда езсе, қамырда түйіршіктер болмайды.

5. Құймақ қуыратын табаға алдымен тұз сеуіп, майлықпен сүртіп алу қажет. Тек кейін май мен қамырды құйған абзал.

6. Құймақты екі табада қуырған жақсы. Екіншісіне дайын құймақты салып, бетіне ерітілген сары май жағып отырасыз. Үйіндіні ара арасында аударып отырған дұрыс. Сонда соңғықұймақ піскенше бірінші құймақ суып қалмайды.

7. Егер аударған кезде құймақ жыртылып жатса, қамырға ұн мен жұмыртқа салу керек.

8. Суып қалған құймақты ысыту үшін үйіндіні жұқалтырға орап, 140 градус ысытылған духовканың үстіңгі қабатында 10-15 минут ұстау қажет.

9. Кейде бір отырғанда барлық құймақты жеп қоя алмаймыз. Ал келесі күні тұрып қалған құймақ дәмінен айрылатын сияқты көрінеді. Кешегі құймаққа қайта балғындық беру үшін әр құймақтың ішкі жағына қант сеуіп, төртке орап, кішкене май жағылған немесе қағаз төселген қаңылтыр табаға салып, алдын ала қатты ысытылған духовкада 4-5 минут ұстаңыз. Күйіп кетпеуін қадағалаңыз. Нәтижесінде – дәмді, қытырлақ, тәтті құймақ алдарыңызда! Тіпті жаңа піскен құймақтан да дәмді болып шығады.

surak.baribar.kz

Құймақ дайындаудың 3 тәсілі

Құймақ дайындаудың 3 тәсілі

Құймақтың айран қосылған түрін жасап көрсеңіз, оның ашытқы қосылғанынан әлдеқайда артық екенін байқайсыз. Өзіңіздің қиялыңызға қарай оның алма, асқабақ, ірімшік, тауық еті қосылған сынды бірнеше түрін дайындай аласыз.

Айран қосылған қамырдың барынша қою болғаны жөн. Дәмді әрі үлпілдек болуы үшін ас содасы мен сірке суын, лимон шырынын пайдаланыңыз.

Айран қосылған құймақты ашығанын күтпестен пісіре беруіңізге болады. Құймақты табаға салмас бұрын, оны жақсылап қыздырып, өсімдік майын құйыңыз. Құймақты дайындау үшін бізге айран, ұн, жұмыртқа, ас содасы мен сірке қышқылы қажет. Тәтті құймақтарды жақсы көрсеңіз, бір шымшым тұз бен қант қосып жіберуіңізге болады. Ал ұнның кез келген түрін таңдай аласыз.

Азық-түліктің мөлшері үлкен рөл атқармайды. Бірі қамырға бір ғана жұмыртқа салса, енді бірі бірнешеуін салғанды жөн көреді. Ең бастысы, қамырыңыз қою болсын. Айтпақшы, арасына алма, асқабақ, мейіз сындыларды майдалап турап, қосып жіберуіңізге болады.

№1 мәзір: құймақ дайындаудың ең қарапайым тәсілі

1 стақан айран, 1 жұмыртқа, 1,5 стақан ұн, бір шымшым тұз бен ас содасын ыдысқа салып, араластырыңыз. Артынша үстіне 40 г су құйыңыз. Қамыр қоюланған соң бірден пісіре беруге болады. Қызып тұрған табаға ас қасықпен салыңыз. Бір шеті қызарған соң аударып, екінші бөлігін пісіріңіз.

№2 мәзір: айран мен мейіз қосылған құймақ

Жоғарыдағы әрекетті қайталайсыз. Кепкен өрік, мейіз, қара өрік дегендерді жақсылап жуыңыз. Сіз қамыр дайындаймын дегенше, жеміс-жидектер жұмсарады. Мейізді кесудің қажеті жоқ, ал сары өрік пен қара өрікті майдалаңыз. Бұл жолы құймақ тәттірек болады.

№3 мәзір: асқабақ қосылған құймақ

Келесі түрін арықтауды жөн көретін қыздар жей алады. Өйткені бұл жолы құрамындағы заттардың калориясы аз. Оны дайындау үшін 2 стақан айран, бір шымшым тұз, 2 ас қасық қант, бір шымшым ас содасы, 1,5 стақан ұн, 300 г майдаланған асқабақ қажет.

Асқабақтың қабығын аршып, ұнтақтағыштан өткіземіз. Барлығын жоғарыдағыдай араластырып, пісіре бастаймыз. Артынша бірнеше секундқа табаның қақпағын жауып қоямыз. Осымен құймағымыз дайын. Ас дәмді болсын!

massaget.kz

Құймақ — Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шведтердің құймағы

Құймақ— қышқыл жұмсақ қамырдан әзірленетін шағын, қалың, майға қуырылатын тағам; жайма құймақтың шағын күлше бітімдес түрі. Құймақ қамыры суға немесе сүтке езіледі, ашытқысы молдау, жайма құймаққа қарағанда қамыры қоюлау, қасықпен жеңіл алынады. Қамырды жұмыртқа мен май қоса отырып екі рет көтерілуге қояды. Құйылып тұратын осы қамырдың қуырылатын майы да жайма құймақпен салыстырғанда молдау. Дайын құймақтың қалыңдығы — 5—6 мм. Құймақты дастарқанға қаймақпен, тосаппен, балмен қояды.[1]

Жұмыртқа, тұз, қант және майды қасықпен езіп, су немесе сүт қосып араластырады. Сосын оны біртіндеп ұнға құйып, түйіршік болмайтындай етіп аралыстырады. Қамыр сұйық болуы керек, дайын болған қамырлы қасықпен май жағылған ыстық табаға құяды. Қамыр ыдыстың түбіне түгелдей әрі тегіс жайылу үшін табанЫ шайқап тұрып, оны қызарғанша пісіреді. Ішіне ет, күріш, ірімшік, тосап, алма (Начинка мақаласын қараңыз) салады немесе құр өзін пісіруге болады. Ондай жағдайда дастарқанға май,құмшекер, бал, тосап қояды. Ештеңе салмай пісірілген блинчикті табаға қарылған жағын ішіне қаратып төртке бүктеп, дастарқанға қояр алдында блинчикті үшкір жақтарын ортасына қаратыл май жағылған ыстық табаға салып, аздап қыздырады.

[2]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. ↑ Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
  2. ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

kk.wikipedia.org

​Құймақтың қанша түрін пісіруді білесіз?

Бұл құймақтар шотландық, италияндық және француздық тәсілдермен дайындалады. Жалпы шетелдерде біздің қарапайым құймақты қалай дайындайтыны, оған қосатын қоспалары қызықты болды. Сол себепті де бүгін шетел асханасына саяхат жасаймыз! Ендеше өте дәмді әрі ерекше әдіс-тәсілдермен әзірленетін құймақтарды жасап көрейік!

Сәлеметсіздер ме, қымбатты ханшайымдар! Бүгін біз сіздерге ерекше құймақтар мәзірін ұсынатын боламыз. Бұл құймақтар шотландық, италияндық және француздық тәсілдермен дайындалады. Жалпы шетелдерде біздің қарапайым құймақты қалай дайындайтыны, оған қосатын қоспалары қызықты болды. Сол себепті де бүгін шетел асханасына саяхат жасаймыз! Ендеше өте дәмді әрі ерекше әдіс-тәсілдермен әзірленетін құймақтарды жасап көрейік!

Италиянша құймақ

Ең алдымен итальяндық құймаққа тоқталайық. Құймақтың бұл түрі барлық отбасына арналған ең керемет десерт бола алады. Әсіресе апельсин мен балқытылған ірімшік қосылған құймақтың дәмі тіл үйірері сөзсіз. Бірақ та балаларға арнап құймақ дайындау кезінде құрамына ликер (спиртті ішімдік түрі) қоспаған дұрыс.

Қажетті өнімдер:

  • 400 гр. кілегейлі ірімшік
  • 2 дана апельсин
  • 1 шай қасық ликер
  • Қант ұнтағы
  • 1 стақан ұн
  • 1 стақан сүт
  • 1 шым-шым тұз
  • 2 ас қасық өсімдік майы
  • 2 дана жұмыртқа
  • 100 гр. шоколад
  • 100 гр. кілегей.

Дайындалуы:

  • Алдымен құймақтың салмасын дайындап алған дұрыс. Ол үшін апельсиннің қабығын аршып, тек етін ғана қалдырасыз. Итальяндық құймақты пісіру кезінде апельсин орнына мандарин жемісін қосуға да болады.
  • Енді қабығы аршылған апельсинді ірілеп тураймыз. Арасындағы жұқа қабықшаларын да алып тастауды ұмытпаңыз.
  • Ал, кілегейлі ірімшік пен қант ұнтағын араластырып, бөлек ыдысқа салып қоясыз. Туралған апельсин мен шырынын, ликерді араластырып, оны басқа ыдысқа саласыз. Екеуін екі бөлек араластырып, біркелкі қалыпқа келтіреміз.
  • Құймақтарды дайындау үшін жұмыртқаны табаққа жарып салып, қантпен жақсылап араластырамыз. Сосын осы араласпаға сүттің жартысын және ұн қосамыз. Осылайша қамырды араластырып, егер қоюлау болған жағдайда сүттің қалғанын қосуға болады. Құймақ қамырына өсімдік майын құйып, табаны қыздырасыз да, пісіріп ала бересіз.
  • Дайын болған құймақтардың арасына алдымен, кілегейлі араласпаны, сосын оның бетіне апельсин тәттісін салып ораймыз.
  • Мұндай десерттің дәмін шоколад пен кілегей кіргізеді. Сондықтан да шоколадты еретіп, кілегеймен араластырасыз да, құймақтың бетіне соус ретінде құясыз. Шоколадты соус құймаққа ерекше дәм беріп, сіздің тәбетіңізді аша түседі.

Шотландша құймақ

Қажетті өнімдер:

  • 100 гр. сұлы жармасы
  • 2 ас қасық ұн
  • 1 ас қасық сүт
  • 3 ас қасық үккіштен өткізілген сыр
  • 1 дана жұмыртқа
  • 1 ас қасық сары май
  • Дәміне қарай тұз
  • Ас содасы

Дайындалуы:

Ең алдымен құрғақ қоспаларды араластырып аламыз. Сұлы жармасы, ұн мен үккіштен өткізілген сырды араластыру керек. Сосын осы қоспаға үккіштен өткізілген сары майды, тұз, ас содасын саламыз. Сонымен бірге жұмыртқаның сары уызын қосып, барлығын жақсылап араластырамыз.

Кейіннен бір ас қасық сүт қосамыз. Сонда қолға жабысқақ, әрі жинақы қамыр шығуы тиіс. Қамырды сопақша формаға келтіріп, кішкене бөліктерге бөліп кеседі.

Әрбір қамырды оқтаумен жайып алыңыз. Арнайы пісірмеге арналған табаға пергамент қағазын салып, соның бетіне құймақтарды жайғастырасыз. Бір-біріне жақын қоймаңыз. Жабысып қалуы мүмкін. Ал, құймақтандың бетіне жұмыртқаның сары уызын жағуға болады.

Пешті 200 градусқа қыздырып, құймақтарды 10-15 минут пісіресіз. Дайын құймақтарды ыстықтай дастарханға ұсынған дұрыс.

Шотландтық құймақтың 2-ші түрі

Қажетті өнімдер:

  • 110 гр. ұн
  • 2 дана жұмыртқа
  • Дәміне қарай тұз
  • 275 мл сүт
  • Салма үшін:
  • 3 дана апельсин
  • 2 дана лимон
  • 75 гр. сары май
  • 110 гр. қант ұнтағы
  • 3 ас қасық ликер.

Дайындалуы:

Ұнды елеп, табаққа салыңыз. Сосын оған тұз салып, ортасына ашасыз да, жұмыртқа мен сүттің жартысын құясыз. Осы қоспаларды араластырып, соңынан сүттің қалғанын құю керек. Сонда сұйық қамыр шығады.

Табаны қыздырып, бір түйір сары май саласыз да, құймақтарды пісіріп ала бересіз.

Енді салманы дайындаймыз. Ол үшін лимон және апельсин қабықтарын үккіштен өткізіп, шырынын сығып аласыз. Содан соң табаға май салып, ерітіңіз де қант ұнтағын салып 1 минут қуырыңыз. Лимон және апельсин қабығын салып, шырынын қосасыз. Қайнаған соң ликерді құйып, жай отта 3 минуттай қайнату керек.

Соңында дайын құймақтарды төртбұрыштап бүктеп, осы қайнатпаға салыңыз. Отты барынша жай басып, үш минут қайнатасыз. Сонда шотландтық құймақтар да дайын болады. Дәмді құймақтарды дастарханға кофемен бірге ұсыныңыз.

Француз құймағы

Қажетті өнімдер:

  • 1 стақан ұн
  • 80 гр. сары май
  • 5 дана жұмыртқа
  • 100 гр. қант
  • 5 гр. ашытқы
  • 1 ас қасық бал
  • ¼ стақан өсімдік майы
  • Тұз және ванилин.

Дайындалуы:

Алдымен жұмыртқаны табаққа жарып саласыз. Қант пен тұз қосып, барлығын бір қалыпқа келгенше араластырасыз.

Сары майды тәрелкеге салып, микротолқынды пеште ерітіп алыңыз. Сосын суытасыз. Майды жұмыртқа араласпасына қосу керек. Сөйтіп көпіршітіп аласыз.

Сұйық араласпаға енді бал мен ванилинді салып, жақсылап араластрыасыз.

Жылы сүтті құйыңыз.

Ал, ұнды екі-үш рет електен өткізіңіз де, ашытқымен араластырыңыз. Содан соң барлығын араластырып, бірқалыпты сұйық қамыр шығарасыз. Дайын қамырдан құймақтарды пісіріп ала бересіз.

Дайындаған – Құрманкүл Өмірзаққызы.

ERNUR.KZ

суреттер ашық дереккөзден алынды

ernur.kz

Құймақ пісірудің қыр-сыры. 9 кеңес

Құймақ пісірудің қыр-сыры. 9 кеңес

Аспаздықты сүйетін қыздар құймақ пісіруде көп қателікке ұрынып жатады. Құрамында ұнның, қанттың, тұздың, тіпті құйылатын судың көптігі құймақтың бозарып пісуіне, қатты боп пісуіне, не жыртылып қалуына әсер етеді. Құймақ қамырының құрамы нағыз мінсіздікті қалайды.

1. Ұнның жабысқақтығын арттыру үшін құймақ қамырына сұйықтықты ыстықтай құйған дұрыс;

2. Құймақ дәмді әрі әдемі болсын десеңіз, иленген ұнды бірден қолданбай, біраз уақытқа қойып қойыңыз.

3. Құймаққа қант пен тұзды мәзір бойынша салған дұрыс. Тұзы көп қамыр дұрыс көпірмейді, сол себепті құймақ бозарып піседі. Қантты көп қосқаннан қамыр қатты болып қалады.

4. Егер құймаққа арналған ұнды тұзды суда езсе, қамырда түйіршіктер болмайды.

5. Құймақ қуыратын табаға алдымен тұз сеуіп, майлықпен сүртіп алу қажет. Тек кейін май мен қамырды құйған абзал.

6. Құймақты екі табада қуырған жақсы. Екіншісіне дайын құймақты салып, бетіне ерітілген сары май жағып отырасыз. Үйіндіні ара арасында аударып отырған дұрыс. Сонда соңғы құймақ піскенше бірінші құймақ суып қалмайды.

7. Егер аударған кезде құймақ жыртылып жатса, қамырға ұн мен жұмыртқа салу керек.

8. Суып қалған құймақты ысыту үшін үйіндіні жұқалтырға орап, 140 градус ысытылған духовканың үстіңгі қабатында 10-15 минут ұстау қажет.

9. Кейде бір отырғанда барлық құймақты жеп қоя алмаймыз. Ал келесі күні тұрып қалған құймақ дәмінен айрылатын сияқты көрінеді. Кешегі құймаққа қайта балғындық беру үшін әр құймақтың ішкі жағына қант сеуіп, төртке орап, кішкене май жағылған немесе қағаз төселген қаңылтыр табаға салып, алдын ала қатты ысытылған духовкада 4-5 минут ұстаңыз. Күйіп кетпеуін қадағалаңыз. Нәтижесінде – дәмді, қытырлақ, тәтті құймақ алдарыңызда! Тіпті жаңа піскен құймақтан да дәмді болып шығады.

Ас болсын!

Сурет: foodclub.ru, tarelkina.com, how-to-cook.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

Оқи отырыңыз:

Мәзір: Құймақтар

Мәзір: Құймақтан жасалған тағамдар

massaget.kz

"Ақ сұлу құймағы. Құймақ қамырын дайындау"

Тақырыбы: Ақ сұлу құймағы. Құймақ қамырын дайындау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға құймақ дайындау ерекшелігі жөнінде түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың тамақ пісіруге деген қызығушылығын, есте сақтау қабілеттерін, шеберліктерін, іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, нұсқаулар, сарамандық жұмыс.

Сабақ көрнекілігі: электрондық тақта, слайд.

Сабаққа қажетті құрал жабдықтар: қажетті азық-түліктер, асхана жабдықтары.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, сарамандық жұмысқа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Үгілмелі қамыр әзірлеу. Ұннан жасалған кондитер бұйымдары. Слайд № 1.

  1. Қамырдың барлық түрін әзірлеудің негізгі шикізаты?

а/ Су. ә/ Ұн.

  1. Ұнның тағамдық құндылығы неге байланысты?

а/ Дәннің сапасына . ә/ Ұнның дымқылдығына .

  1. Ұнды електен өткізу қандай мақсатты көздейді?

а/ Бөтен иістен ащы дәмнен ажырату. ә/ Бөтен заттар мен түйірлерден ажырату.

  1. Үгілмелі қамыр дайындау үшін қандай азықтарды көп мөлшерде қолданады?

а/ Жұмыртқа. ә/ Май.

  1. Қамырды илер алдында ұнды не істейді?

а/ Кептіреді. ә/ Елейді.

  1. Үгілмелі қамырды неше тәсілмен әзірлейді?

а/ 2 тәсілмен. ә/ 3 тәсілмен.

Слайд №2. Сөзжұмбақ.

  1. Бағалы әрі тәтті өнім, онда 40-тан 70 пайызға дейін май мен белок бар. (жаңғақ)

  2. Кристалды, ақ түсті, иісі жоқ, дәмі тәтті өнім. (құмшекер)

  3. Өте күшті жағымды иісі бар, ақ түсті кристалл ұнтақ (ванилин)

  4. Үгілмелі қамырға қажетті азық-түлік (май)

  5. Ас атасы (нан)

  6. Қамыр илеуде қолданылатын негізгі азық өнім (ашытқы)

Осыдан келіп біз жаңа сабағымыздың тақырыбын ашамыз. Слайд №3.

Құймақ қамыры.

Құймақ жасау үшін қара бидай, бидай, қарақұмық ұнын пайдаланады. Құймақ пен олладиді ашытқымен де, сондай –ақ ашытқысыз да, тұздықпен де, тұздықсыз да даярлайды. Құймақтың өзін тәтті құймақ және тұзды құймақ етіп пісіруге болады. Тұзды құймақты дастарханға қызыл, қара икрамен, балықпен береді. Тәтті құймақты қаймақ, тосап, бал, еріген шоколадпен де беруге болады.

Венн диаграммасы

hello_html_6cc30d2.png

Сарамандық жұмыс: Слайд №4

Қажетті ыдыс-аяқ, құрал-жабдықтар: тостақ, таба, ас қасық, ожауша, тәрелкелер, қалақша.

Қажетті азық-түлік: Ұн – 2 стақан, сүт – 1 стақан, жұмыртқа 3 дана, құмшекер – 2 ас қасық, тұз толмаған шай қасық, май 4 ас қасық, сары май, бал немесе тосап, қаймақ.

Слайд № 5.

Жұмыстың орындалу реті.

  1. Жұмыртқаны құмшекер мен тұзға жарып қосады.

  2. Құмшекер мен тұз ерігенше араластырады.

  3. Қоспаға біртіндеп сүт құяды, араластырады.

  4. Алынған қоспаға аздаған бөлікпен ұн сала отырып араластырамыз.

  5. Дайын қамырға өсімдік майын, қалған сүтті құйып сұйылтамыз.

  6. Қыздырылған табаның ортасына құйып табаны бір қалыпты айналдыру арқылы қамырды табаға жаямыз.

  7. Құймақтың бір бетін қарып пісірген соң қалақшаның көмегімен аударып, екінші бетін пісіріп, жайпақ тәрелкеге салып аламыз.

  8. Құймақты жылы күйінде бетін майлап бірінің үстіне бірін саламыз.

  9. Дайын құймақты дастарханға тосап, бал, қаймақ, еріген шоколадпен ұсынамыз.

Слайд №6.

Жұмбақ шешу.

  1. Су болмаса да сұйық

Өзі бітеу тұйық. / жұмыртқа /

  1. Ақ қиыршық еритін,

Ас жоқ одан жеритін. / тұз /

  1. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңіліне сыйлайды. / дастархан /

  1. Үсті тас, асты тас,

Ортасында піскен ас. / нан /

Ой толғаныс: Слайд № 7.

  1. Құймақтың қандай түрлері бар?

  2. Тұзды құймақты дастарханға немен береді?

  3. Құймақ жасау үшін пайдаланылатын ұн түрлері?

Үйге тапсырма:

1. 77– 78 беттерді оқып келу.

2. Тұзды құймақ пісіру.

infourok.ru

Мәзір: Құймақтар

Келе жатқан Масленица мейрамының ажырамас бөлігі -  құймақтар. Бұл мейрамды атамайтын болсаңыз да, отбасыңызды, не достарыңызды дастарханға жинап, неге отырыс істемеске? Құймақтың ең оңай және тез жасалу жолымен танысып өтіңіз.

Құрамы:

  • 2 жұмыртқа;
  • 2 стақан сүт;
  • 1,5-2 стақан ұн;
  • 2 ас қасық қант;
  • 0,5 шай қасық тұз;
  • 0,5 шай қасық ас содасы;
  • 2 ас қасық сұйық май. 

 Миксердің көмегімен жұмыртқа мен қантты араластырамыз.

\

Тұз, сүт, сұйық май, ас содасын қосамыз. 

Ұнды біртіндеп қоса отырып, жақсылап араластырамыз.

Құймақтың қамыры қою да, сұйық та болмауы керек. Керек болса ұнды көрсетілген мөлшерден аз, не көп қосыңыз.

Құймақ пісіретін табаға кішкене май тамызамыз.

Майды қағаз майлығымен таба бетіне жағамыз.

Бір кішкентай ожау көлемінде құймақтың қамырын құямыз.

Оған дөңгелек пішінін беруге тырысамыз.

Екінші бетіне аударамыз.

Құймақтар дайын! Асыңыз дәмді болсын!

Форумда талқылау.

massaget.kz

Отправить ответ

avatar
  Подписаться  
Уведомление о