Қырқынан шығару туралы – Баланы қалай шомылдыру керек: баланы қырқынан қалай шығарады?

Баланы қалай шомылдыру керек: баланы қырқынан қалай шығарады?

Қазақ жаңа туған баланы қырық күнге дейін сыртқа шығармай, бөтен көзге көрсетпей ұстайды. Қырық күн өткен соң қырқынан шығару дәстүрін жасайды. Бұл дәстүр кеше пайда болған жоқ

АЛМАТЫ, 10 желтоқсан — Sputnik, Айгерім Таубайқызы. Халықтың түсінігінде бала дүниеге келгеннен кырқынан шыққанға дейінгі алғашқы қырық күндік "өтпелі кезең" қауіпті, қатерлі саналады. 

Жаңа туған нәрестені шырақ жағып күзетіп, қасынан адам үзілмей бағады. Сәбиді қырық күн бойы тұзды, сабынды немесе маралшөп салынған суға алма-кезек шомылдырып отырады. Тұзды суға шомылып өскен баланың денесі шымыр болады, аурудан қорғайды. Өскенде жарасы тез жазылатын болады. Ал сабынды су денесіндегі микробтарды тазартады. Маралшөп қосылған су баланың тез ширауына көмектеседі. Ал қырық күннен аман өткен нәрестені қарақұлақтанды деп қуанып, қырқынан шығару тойын жасайды. 

Ет пен сүйектің біріккеніне жасалатын құрмет

Баланы қырқынан шығарудың өзі жайдан-жай шыққан жоқ. Мұндай салт жасалмаған баланың еті мен сүйегі бірікпегенін білегінен ұстап байқауға болады. Қырық күнге дейін баланы "тіл тиеді", "сұқ өтеді" деп тіл-көзден сақтаған. Ешкімге көрсете бермеген. Яғни, ана үшін де, бала үшін де бұл уақыт – қауіпті кезең. Қырқынан шықпаған бөпені көруге үлкендер де талпынбаған. Жаңа туған сəбиге əке көзі жаман тиеді. Сол үшін əкесінің өзі балаға сұқтанып қарап, мейірленбеген.

Мұндай кезде сәбидің көзі де біртүрлі тұманданып, қайда қарап тұрғаны белгісіз болады. Бұл уақыттарда əлі жердің баласы болып есептелмейді. Баланы қырқынан шығарған кезде екі көзі жылтырап, жан-жағына көз тоқтатып қарай бастайды. Білегін ұстағанда ет пен сүйегінің біріге бастағаны байқалады. Демек, сəбиді қырқынан шығару – ет пен сүйектің біріккеніне жасалатын құрмет.

Баланы қырқынан қалай шығарады?

Əйел мен ер адамның күш-қуатында, жаратылысында өздеріне тəн ерекшелігі бар. Əдетте, ұл бала болмысынан төзімді, қайсар болып туады. Сондықтан 37- 39 күнде қырқынан шығарады. Ал бұл дəстүр қызға міндетті түрде қырық күн толтырып жасалады. Тіліміздегі "Əйел қырық шырақты" деген сөз де осы жаймен байланысты айтылса керек. Кей адам қыздың қалың малы көп болсын деп қырқынан 40 күннен асырып шығарады.

Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік, күміс сөлкебай сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құяды. Қазақ ұғымында күміс — адалдықтың белгісі, күміс салынған су — ең таза су (арам су, уланған ас құйылса күміс ыдыс қараяды) болып есептеледі және оған жын-шайтан жоламайды.

Қалыптасқан ғұрып бойынша шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс əшекейлер салынады. Əйелдер білезік, жүзіктерін бөлісіп алады. Сәбидің "сүт тырнағын, "қарын шашын" осы уақытта алады. Баланы шомылдырып болған соң, "қарын шашын" алады. Оны ақ шүберекке тұмарша етіп түйіп, бесікке қадап қояды. Ал, "сүт тырнағын" адам баспайтын жерге немесе "ұрпағы көп болсын" деп жеміс ағашының түбіне көміп тастайды.

Мұндағы тағы бір ерекшелік, бала мазасызданып жылағанда, дұрыс ұйықтамағанда үлкендер "бала қырқын күтіп жүр" деп жатады. Дəстүрдегі жөн-жоралғыларды əйелдер ғана атқарады. Мұндай салт жасалған сəби адам қатарына қосылды, қауіпті кезеңнен өтті деп саналып, ел ішіне шыға бастаған.

Жаңа туған ана жұртпен көп араласпауы керек

Әйел адам босанғаннан кейін 40 күн бойына қан келіп тұрады. Мұны медицина тілінде "лохия" деп атайды. Бұл кезде әйелдің денсаулығы өте әлсіз болады. Түрлі инфекцияны жұқтырып алуы мүмкін. Сол себепті, жаңа туған ана жұртпен көп араласпауы керек. Мүмкін болса, бір бөлмеде күтінгені жақсы.

Мағжанның педагогикасы

Мағжан Жұмабаевтың "Педагогика" еңбегі баланың дені мен жаны сау болуына арналғанын біреу білсе, біреу білмес. Мағжан Жұмабаев кітабында "Баланы шомылдыру" деп арнайы бөліп қарастырған. 

"Баланы шомылдыру оны кірден тазартады. Бойын жеңілдетеді, еңсесін көтереді.

Жаңа туған баланы шомылдыратын судың жылылығы үш айға дейін Рьюмер бойынша – 29 градус. Үшінші айдан жыл аяғына дейін 28 градус, екінші жылда 27 градус, мұнан былайғы жылдарда 26-25 градус болып, бала өскен сайын төмендей берсін. Ең төмендегенде 22 градустан кем болмауға тиісті. Жаңа туған баланы су ішінде 5 минут, ай жарымдық баланы 8 минут ұстау керек. Бұдан артық ұстауға болмайды. Бала әлсіреп қалады.

Әуелгі тоғыз күн ішінде тәулікте екі рет, ай жарымға дейін бір рет, 6 айға дейін жетіде 3-2 рет, екі жастан соң жетіде бір шомылдырып отыру керек. Баланы тамақ берердің, ұйықтаудың алдында шомылдыру артық. Баланы шомылдыратын үйдің жылылығы 17-18 градустан жоғарырақ болсын.

Баланы шомылдырып болған соң, әсіресе, қолтықтарын, мойнын, шабын жақсылап қарау керек. Көзін, құлағын, басын таза ұстау керек. Былық қолыңмен баланың көзін тазалаушы болма. Неше түрлі көз ауруы осыдан болады. Тамақ бергеннен кейін баланың аузын тазалап отыру керек. Таза шүберекті қайнаған суға малып, шынаяққа орап тазарт. Есін білген баланы ас ішкеннен кейін аузын шайқауға үйрету керек. Аузы иісті болмайды, тісі бұзылмайды. 

Пісуіне, шынығуына тұзды судың пайдасы бар. Ал енді, баланы маймен сылау тіпті де дұрыс емес. Май терінің тесіктерін бітеп тастайды. Еңсені көтертпейді. Ауырайтады, кірлетеді, терлетеді. Баланы “өс, өс, өс!” деп денесінің құрыс-тырысын жазу аса теріс болмас. Бірақ еп керек. “Өс, өс, өс!” деп баланың бір жерін шығарып алып жүрме", — деп жазған Мағжан Жұмабайұлы. 

sputniknews.kz

Баланы қырқынан шығару » ZHARAR © 2019


Шілдехана кешінен кейінгі қуаныш кеші – баланы қырқынан шығару. 20-30 күн өтіп, буындары аздап та болса қатайғанша, нәрестені өз анасы мен әжесінен басқа адам ұстамаған, шомылдырмаған. Және сәбиді қырқынан шығармайынша, қолына алып жұбатқанымен, үлкен қарт кісілер оның бетінен сүймеген. Мұсылмандардың түсінігі бойынша қырқынан шығарғаннан кейін ғана баланың тәні тазарады-мыс. Баланы толық қырық күннен кейін ғана шығару міндетті түрде емес. Ұлды отыз күнге жеткізбей шығару керек екен. Өйткені, халықтың қамын ойлайтын ер-азамат ерте өсіп, жігіт болуы керек. Қырқынан ұзақ уақыт шықпаса ынжық, отбасынан ары бармайтын ұсақ адам болып қалуы мүмкін деген ырым бар. Қызды 30 күннен асырып, кейде 40 күнді толтырып шығарған. Ерте шығарса жеңілтек, қыдырымпаз болады, ал әйел бала байсалды болуы керек. отбасының берекесі, ақылшысы деп қыздың ойлы, салмақты, ақылды болуын армандағандықтан осындай ырымдарды жасаған. Баланың мінезіне, ақылына әсер етуді қазақ халқы бала туа сала-ақ ойлаған. Қырық күн сәби үшін де, анасы үшін қатерлі, әрі қауіпті кезең. Қырық саны қазақта киелі ұғым. Қырқынан шықпаған бала жердің баласы емес деп есептеген және ешқайда шығармаған. Қырқынан шықпаған бала біртүрлі әлсізденіп, көзі тұманданып, қайда қарап тұрғаны белгісіз көзін аударып-төңкеріп тұрады. Ал, қырқынан шыққан бала керісінше көзі жайнап, жанарында от пайда бола болады. Осы қырық күн ішінде есті енелер келіндерін де жас баланы күткендей күтеді. Себебі, күтілмеген анасының кейін аурушаң болып жататынын осыған байланысты. Қырқынан шығару деген не? Баланы қырқынан шығарғанша оны күнде майлайтын болғандықтан, бір ақ жейдені майлаудан кейін кигізуге арнап, басқа киімдерінің астынан кигізген (Бір ай кигізеді дегенге оны жумайды екен деп ойлап қалмаңыздар). Сол майлы жейдені «итжейде» дейді. Жалпы, итжейде деп балаға ең бірінші рет кигізген жейдені айтады. Баланың ең алғашқы киімі – «итжейдені» кіндік шешесі тіккен. Итжейдені кең, мол, ұзын етіп тіккен. Оны бұлай тігудің өзіндік ырымы бар. Мына жалған қысқа ғұмырда таршылық көрмесін, басына тартса, аяғына жетпейтін жоқшылық көрмесін деген ырыммен және баланың денесі нәзік болғасын денесіне батпасын деп, «итжейдені» тігісін сыртына қаратып тіккен. «Қырқынан шығаруға үш әйел таңдалынған. Бір қадірлісіне баланың тырнағын, екіншісіне шашын алғызып, ең сыйлысына баланы шомылдыртқан. Шомылдырып болған соң сәбиге жаңа киімдер кигізеді де, итжейдені бала көтермей жүрген әйелдер ырым ғып алады. Баяғыда, егер ондай адамдар болмаса «итжейдеге» құрт, ірімшік толтырып итке байлап жіберген. Ауыл балалары итті ұстап алып жейдені жыртып, тәбәрік ретінде алған. Бұл – келешекте өздері де ержетіп, үйленіп, балалы болсын деген тілектен туса керек. Шомылдыру. Суды қайнатып, суытып, оған қойдың 40 құмалағын (тазартып, жуып), (қазіргі кезде бұршақ секілді дәндерді салады) оған қоса күміс тиындар, ұл балаға әлденеше асық қосады. Шомылдырып болған соң отырған адамдар асықты, тиынды ырым ғып бөліп алады да, қасық пен тостағанды шомылдырған кісі алады да, тырнағын, шашын алғандарға әр ата-ана өздері қалаған сыйлық жасайды. Шомылдырудың рәсімі. 40 құмалақты қасықтағы сумен қырық рет баланың басына құйып отырады. Әр қасық суды құйған сайын балаға арналған тілек айтылады. Біз төменде біраз тілектің тізімін беріп отырмыз, бірақ, бұлар ен сап қойған сөздер емес, әркім баласын қандай адам қалпында көргісі келсе, сол өз арманын, тілегін айтады. Ана үш, төрт, бес тілектер баланың өз тегіне, ата-баба, нағашыларының аруағына арналады.

1. Өмірге келген періште (есімі) мына кең дүниеге құт әкел!
2. Өмірің ұзақ болып, үбірлі-шүбірлі бол!
3. Ысты-Дулат аруағы қолдасын!
4. Бәйдібек ата мен Домалақ ана аруақтары жебеп жүрсін!
5. Бөлтірік, Оразымбет аталарыңдай тапқыр шешен бол!
6. Дінмұхаммед атаңдай әділетті, ел қамын ойлаған қазақтың адал ұлы бол!
7. Оттан да, оқтан да сескенбейтін Бауыржан атаңдай батыр бол!
8. Анаңның ғана емес, Адамның ұлы бол!
9. Денсаулығың зор, ер болып өс!
10. Балалық шағың бақытты болсын!
11. Жастық шағың жалынды болсын!
12. Қажырлы, еңбек сүйгіш бол!
13. Еңбегін ылғи жемісті болсын!
14. Іс-әрекетің жеңісті болсын!
15. Ұлтың мен тіліңді сүйіп өс!
16. Жұртыңа сүйкімді, туысыңа жағымды бол!
17. Мейірімді, рақымды бол!
18. Мәдениетті, кішіпейіл бол!
19. Абыройлы, атақты бол!
20. Білімді, оқымысты бол!
21. Парасатты, көсем бол!
22. Ақылды, білікті бол!
23. Ырысты, нәсіпті бол!
24. Досың көп, дұшпаның аз болсын!
25. Құдай көсегеңді көгертіп, арманыңа жеткізсін!
26. Ата-анаңа мейірімді, жақындарыңа қайырымды бол!
27. Дініңе берік бол!
28. Ата салтыңды сақтай біл!
29. Ынтымақ, бірліктің жақтаушысы бол!
30. Жақсы істің бастаушысы бол!
31. Елдің еңбегін елеп, өзгені өзіндей көретін бол!
32. Кеңпейіл, қонақжайлы бол!
33. Сабырлы, кешірімді бол!
34. Менмен, мақтаншақ болма!
35. Текке мал шашпақ болма!
36. Күншіл, қызғаншақ болма!
37. Пайымсыз, қанағатсыз болма!
38. Өнерлі бол: аузыңнан ән, бойыңнан сән кетпесін!
39. Жүрегің кең жігіттің сұлтаны бол!
40. Нәзік сезімді қыздың іңкәрі бол! Бұл сөздерді біреуі айтып, екіншісі суды құйып тұрса да болады. Қазіргі жастар балаларын дәл осылай шомылдырмаса да, өнеге мен тәрбиелілікті өн бойына өзек еткен ата салтымызды ұмытпауға шақырып, ата дәстүрінің ықпалын сақтап, адамгершілікпен өмір сүріп, қазақ халқына деген қасиетті сезімін өмірлеріне нәр етуін түсінсе екен деген мақсатпен осыларды айтып та, жазып та құлақтарына құя бергім келеді. Бәлкім, бірінші баласында болмаса да, екінші, үшінші балаларында, келіндерге түйсік кіріп, асыл қазына – ата салт-дәстүрлерімізге зейін қояр, қолданар. Өзі қазақ болып, қазақтың ата салтын білмеген, қолданбаған қазақтар өзін ел ортасында жалаңаш тұрғандай сезінуі керек қой деп ойлаймын. Қазіргі жастар, әрине, өз еркімен суға құмалақ салдыра қоймас. Бірақ, құмалақ зиянды болса бұрынғылар салмас еді ғой. Құмалақты салудың тағы бір себебі, өмірі малға байланысты халқымыздың бала бай болсын деген мақсаты. Кейбір жастар қырқынан шығаруға шақырғанымен, құр ырымын жасайды да, шомылдыртпақ түгіл, кейбірі балаларын көрсетпейді де, кейбірі орап әкеліп бір тырнағы мен шашының ұшын кестіртеді де, «күріктеген тауықша» алып кетеді. Бұл дұрыс емес, үлкен кісінің мейрімімен қырқынан шыққан бала болашақта да байсалды да байыпты болуына әсері тиері сөзсіз. Үлкен адамның алақанындағы биотогының әсері балаға жан тыныштығын әкеледі деген ұғым бар. Тағы бір айта кететін нәрсе, халық аузындағы әңгімелерге сенсек, қырқын шашты түгелдей алып тастаған дұрыс дейді, өйткені қырқын шашын алмаған адамның қарғысы қатты болады дейді. Біздің халық қарғысты ұнатпайды, себебі қарғысты ызамен ашу үстінде ойланбай да айта салуға болады, бірақ қарғыс екі ұшты (екі жағында да ұшы бар) дейді, орынды болса қарғалмаған адамға тиеді, орынды болмаса қарғаған адамның өзіне тиеді дейді. Сондықтан қазақ екі жақтың да амандығын тілеп, шашты түгелдей сыпырып тастаған. «Қырқынан шығару» тойын сөз ете отырып, біз онша мәнін біле бермейтін «қырық» деген сөзде де «жете» сияқты бір қасиет барын аңғаруға болады. Мысалы, сәбиді қырқынан шығарып, оны тазалау. О дүниелік болып кеткен адамдардың қырқын беріп, енді оның келмесіне көз жеткізіп, қоштасу.


www.zharar.com

Баланы қырқынан шығару — Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Баланы қырқынан шығару - тіршілік цикліне қатысты атқарылатын рәсімнің бірі. Дәстүрлі ортада бала дүниеге келгеннен кырқынан шыққанға дейінгі алғашқы қырық күндік «өтпелі кезеңді» қауіпті, қатерлі санап, жаңа туған нәрестені шырақ жағып күзетіп, қасынан адам үзілмей бағады. Бала қырқынан шыққанша «сүт тырнағын», «қарын шашын» алмайды. Қырық күннен аман өткен нәрестені «қарақұлақтанды» деп қуанып, «қырқынан шығару» тойын жасайды. Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік, күміс сөлкебай сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құяды. Қазақ ұғымында күміс - адалдықтың белгісі, күміс салыпған су — ең таза су (арам су, уланған ас құйылса күміс ыдыс қараяды) боп есептелінеді және оған жын-шайтан жоламайды.

Қырық шелпек пісіріп, келген қауымға таратады. Кейбір өңірлерде оның бірнешеуін бесікке тізеді, оны қасқой кемпір шымшысын деп ырымдайтын болғандықтан, шымшыма нан деп атайды. Баланы қырқынан шығарған әйелдер білезік, сөлкебайларды бөлісіп алады. Баланы шомылдырып болған соң, «қарын шашын» алып, ақ шүберекке түйіп, тұмарша етіп, баланың оң жақ иығына немесе бесігіне қадап қояды, ал «сүт тырнағын» адам баспайтын жерге немесе «ұрпағы көп болсын», - деп жеміс ағашының түбіне көміп тастайды.

Осы күні баланың ит көйлегі шешіледі. Ит көйлегіне әр алуан тәтті түйіп, бір иттің мойнына байлап қоя береді. Ауыл балалары сол итті қуып жүріп ұстап алып, тәттіні бөліп жейді. Баланың ит жейдесін киелі санап, ақсақалдар алыс жолға шыққанда, дауға барғанда қойындарына тығып алып жүрген. Бала таппаған, үнемі түсік тастаған әйелдер оны басына жастап жатады екен.

Байырғы орта түсінігінде берілетін әшекейлер баланың денсаулығы мен өмірінің ақысы болып саналатындықтан, баланың анасы немесе әжесі «қырқынан шығару» мерекесіне келген әйелдерді, кіндік шешені ренжітпей, риза қылып, қалауын беріп аттандырған.[1]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. ↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

kk.wikipedia.org

Баланы қырқынан шығарудың өз жөні бар

Бала шыр етіп жарық дүниеге келген күннен бастап ретімен келіп жататын үлкенді-кішілі – шілдехана, ат қою, бесікке салу сияқты бала өмірінде айрықша орны бар тойлар туралы өткен сандарымызда айттық. Бала өміріндегі тағы бір маңызды шақтың бірі – сәбиді қырқынан шығару.

 Қазақ үшін қырық санының маңызы

Баланы қырқынан шығарудың өзі жайдан-жай шыққан нәрсе емес. Бір ескеретін жағдай, мен ештеңені ойымнан шығарып отырғаным жоқ, халықта бұрыннан барды айтам. Халық – ғаламат бір қазына. Соны білуге талпыну әрі өзің білгенді өзгеге үйрету – адамдық парыз.  Қырқынан шықпаған баланың еті мен сүйегі бірікпегенін білегінен ұстап байқауға болатынын өткен сандарымызда айтып өттік. Олай дейтініміз, қырық күнге дейін баланы «тіл тиеді», «сұқ өтеді» деп тіл-көзден сақтаған, көрсете бермеген, яғни ана үшін де, бала үшін де қырық күн – қауіпті кезең. Қырқынан шықпаған бөпені көруге үлкендер де талпынбаған. Сол сияқты қырқынан шықпаған баланың көзі де біртүрлі тұманданып, қайда қарап тұрғаны белгісіз болып тұрады. Тағы да қайталап айтам, қырқынан шықпаған бала әлі жердің баласы болып есептелмейді. Баланы қырқынан шығарған соң-ақ оның екі көзі жылтырап, жан-жағына көз тоқтатып қарай бастайды. Білегін ұстағанда ет пен сүйегінің біріге бастағаны байқалады, яғни сәбиді қырқынан шығару –  ет пен сүйектің біріккеніне жасалатын құрмет. Сонымен бірге халқымызда қайтыс болған адамның қырқын беру деген бар. Қайтыс болған адамның қырқын беру – аз болсын, көп болсын, біріне-бірі серік болған ет пен сүйектің ажырауына берілетін құдайы, өлімнің артын күту ғұрыптарының бірі. Өйткені дүниеден өткен адамның қырық күннен кейін еті мен сүйегі ажырайды екен…                                   

Әдетте ұл баланы қырық күнге жеткізбей (37-39 күнде), қыз баланы міндетті түрде қырық күн толтырып барып, қырқынан шығарады. Тіліміздегі «әйел қырық шырақты» деген сөз де осы жаймен байланысты айтылса керек. Қалай болғанда да, ұл мен қыздың дене бітімі екі түрлі. Әйел мен ер адамның күш-қуатында, жаратылысында, дене құрылысында өздеріне тән ерекшеліктері бар, бір есептен қыз бала ұлдан қарағанда нәзік қой. Ұл бала болмысынан төзімді, қайсар дегендей, сондықтан ұл баланы қырық күнге жеткізбей шығара береді. Бала өміріндегі кез келген қуаныш тойларының  әрқайсысының ізгі тілегі, мақсаты, танымдық үлгісі бар. Бала мазасызданып жылағанда, дұрыс ұйықтамағанда  әжелеріміз «бала қырқын күтіп жүр» деп жатады. Шынында да, құдайдың құдіретіне шек жоқ, жаңағыдай мазасыз жылаңқы баланы барлық жөн-жоралғысымен қырқынан шығарса, жылауы тоқтап, тынышталатын болған. Мұндағы тағы бір ерекшелік, баланы қырқынан шығаруға арнап шақырылатындар – әйел адамдар, осындағы жөн-жоралғыларды әйелдер атқарады. Бүгінде «әйтеуір қырқынан шығару керек» деген түсінікпен, оның астарына мән бермей жүргендер бар.  

                                                                                              Зейнеп АХМЕТОВА

Сурет: prodetey.ru

Tags: АНА БОЛУ, АТА-АНА, ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ, БАЛА ТУЫЛДЫ, Баланы қырқынан шығарудың өз жөні бар, БЕСІК ПЕН ШАҢЫРАҚ – КИЕЛІ ҰҒЫМ, БОСАНУ, бөпе, бүлдіршін, Денсаулық, ЕКІҚАБАТ БОЛУ, ЕСІМ БЕРУ, Жақсы қасиеттер, ЗЕЙНЕП АХМЕТОВА, кеңестер, өмір сүріңіз, САЛТ-ДӘСТҮР, Сәби, шақалақ

aikarakoz.kz

Қырқынан шығарудың құпиясы

Бұл салт – таза тұрмыстық қажеттіліктен туған. Әрі бұл жоралғыны медицинадан хабары бар адам ойлап шығарған…

Біздің қазақ, жаңа туған нәрестені 40 күнге дейін сыртқа шығармай, бөтен көзге көрсетпей, тығып ұстайды. Бұл ғұрпын «қырқынан шығару» деп атайды. Бұл дәстүр не үшін ойлап табылған? Дәл қазір, осы тақырыпты әркім өзінше жорамалдап, әлі келгенше талдаған болып жатыр. Қайбіреулер  «қырық» атауынан шамандық із көрсе, енді біреулер символикалық мән, философия іздеп әуре. Алайда бұл пікір-пайымдардың ешқайсысы дұрыс емес. Бұл салт – таза тұрмыстық қажеттіліктен туған. Әрі бұл жоралғыны медицинадан хабары бар адам ойлап шығарған.

Жоға, бұл менің сөзім емес. Шымкенттегі №2 балалар емханасының педиаторы Мәнсия Кабулова осылай дейді. Балалар дәрігері – жаңа туған нәрестеге бөлменің сыртындағы ауа, туыс емес кісілер, барлығы-барлығы бөтен саналады. Себебі – бөтен зат, бөгде кісілерде түрлі микроб болады. Бүлдіршіннің ағзасы ол вирустарды танымайды. Соның кесірінен ауырып қалуы ықтимал. Бұған біздің қазекем талай ғасырлық тәжірибесі арқылы көз жеткізген. Соңыра, осы ғұрыпты өмірге әкелген дейді әпкеміз.

Ұмытып барамын. Бұл дәрігер әпкем ұлымның кіндік шешесі. Қырық күн бойы үйге келіп, бөбегімді тұзды сумен шомылдырып жүргенде, осы ойын айтып еді. Тұз демекші. Әпкеміз жаңа туған нәрестені тұзды суға малудың қандай пайдасы барын да айтып берді. Сөйтсек, тұзға піскен сәби шымыр болады, әрі есейген соң денесі зақымданса, жарасы тез жазылады екен.

Тұзды суға шомылдырудың пайдасын Қабылсейіт Ахмед дейтін кісінің де айтқаны бар. Бейжің мен Алматы арасында көп жүреді. Сондай бір сапардың бірінде іші бүріп, Қытайдағы бір ауруханаға түскен. Әрмен қарай сөзді өзіне берсек: «Соқырішек деген диагноз қойды. Ота жасалды. Есімді жидым. Іле-шала көрпені көтеріп қараймын ғой баяғы. Байқасам, қарнымды екі-ақ жіппен тарта салған. Ал палатада менімен бірге жатқан қытайлықтардың ішін шимайлап тігіпті. Неге бұлай», – деп сұрадым. Бас дәрігер: «Қазақтар кішкентайынан тұзды суға шомылады. Бұл тұзда натрий дейтін элемент қанның тез қоюлануына себепкер. Соның себебімен, қазақтардың тілінген, кесілген жерлері тез бітеді», – деді.

Расымен, Қабекеңнің жарасы жылдам жазылып, апта толмай жүгіріп кеткен. Ал, бір уақта отаға түскен ханзулықтар айға жуық төсекте таңылып жатыпты.

Жә, тақырыптан ауытқып барамыз. Қырқынан шығару дәстүрінің пайда болуына сәбиден бөлек, ананың да денсаулығы түрткі болған. Үйдегі батырым әне-міне өмірге келеді деп күтіп жүргенде, әйелімді «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына» талай тасыдым ғой. Босанғасын, өзіңді күт, үйт-бүйт деп кеңес берген Зинаида Андронова есімді дәрігер осы «қырқынан шығару» ғұрпын қуаттайтын керемет бір құбылысты айтты. Әйел адам босанғаннан кейін 40 күн бойына қан келіп тұрады. Мұны медицина тілінде «лохия» деп атайды. Бұл кезде әйелдің денсаулығы өте әлсіз болады. Түрлі инфекцияны жұқтырып алуы мүмкін. Сол себепті, жаңа туған ана жұртпен көп араласпауы керек. Мүмкін болса, бір бөлмеде күтінгені жақсы, – деп әңгімені ұрып отыр.

Осы арада мен Зинаида апайымның сөзін үзіп, мұны біздің қазақ білген, – дедім. «Қырқынан шығару» дәстүрі мен шарт-амалдарын айтып беріп ем, таңғалды. Сонау ескі замандарда, баланың иммунитетін бөлме атмосферасында шынықтырып алуды қазақ қайдан білген екен, – деп таңдай қағумен болды.

Сосын, қырық күн дегенге «қатып» қалудың қажеті жоқ, – деп өз ақылын қосты. Босанғаннан кейінгі қан келу барлық әйелдерде бірдей емес. Денсаулығы мықты аналар бұл кезеңнен 40 күн толмай ерте шығып кетеді, – деді. Е-е-е, деп ойланып қалдым. Шынымен, бұл салт санға байланып қалмаған екен ғой. Менің туған інім «қырқынан» ерте шығарылғанын білем. 32 күнде-ақ басын тіктеп, айналаға көз тоқтата алатын болыпты. Соңғы жолды жазуымның себебі, тағы да саннан сиқыр іздеудің қажеті жоқ дегенім ғой.

Қорытынды орнына айтпағым, қазақтың көп дәстүрінен мистика іздеп әуреленбеңіз. Ғұрпымыздың көбі таза медициналық қажеттілік пен тұрмыстың талабынан туған. Жәй ғана «Бауы берік болсын» деген тілеу сөзді алайықшы. Жаңа туған нәрестеге қарата айтылады. Ал не мағына береді? Жә, философияға салмаңыз. Таза медицина бұл жерде. Қызық па? Келесі мақалада тарқатып, түсіндіріп беремін.

Нұрбек Бекбау 

mazhab.kz

Баланы қырқынан шығаруға арналған жиынтықты қайдан алуға болады - статьи, истории, публикации

Баланы қырқынан шығару — тіршілік кезеңіне қатысты атқарылатын рәсімнің бірі. Сәбиге қырық күн толғанда ол айналасына қарап, дыбысты, құбылысты ажырата бастайды, денесі ширап, көз тоқтатады.

Алдымен ыдысқа жылы су құйылып, күмістен жасалған бұйымдар мен тиындар салынады. «Күнің күмістей жарқырап тұрсын, отыз омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң тез қатайсын» деген ниетпен игі тілектер айта отырып, сәбидің басынан бастап 40 қасық су құйып шомылдырады.

Баланы жуындырып болған соң нәрестенің сүт тырнағы мен қарын шашын алады. Шашы мен тырнағын ақ матаға салып сақтап қояды. Бұл рәсімдерді көп балалы ана немесе кіндік шеше орындайды.

Суға салынған күміс бұйымдар мен тиындарды тілек айтып, сәбиді қырқынан шығаруға келген туған-туыс, дос-жарандарға үлестіріп береді.

Ал баланың алғаш киген «ит көйлегіне» тәттілерді толтырып, иттің мойнына байлап қояды, ауыл балалары оны қуалай жүріп ішіндегісін бөлісіп алады, «ит көйлекті» ырымдап көптен бала сүйе алмай жүрген келіншекке береді.

Рәсімге қажетті заттар:

мерекелік үстел жабыны

жаңа шыны немесе ағаш шара

күміс бұйымдар мен тиындар

үрме бұршақ дәндері (қалауынша)

қайнатылған таза су

қайшы.


Amita_handmade интернет-дүкені



Мекен-жайы: Сембинов к., 24

Жұмыс уақыты: 09:00 — 22:00

Бағасы:

Шара мен қасық — 4500 тг

Шара, қасық, қайшы — 5500 тг

Шара, қасық, қайшы, қорапша — 6500 тг

Жеткізу қызметі: 500 тг бастап

Байланыс телефоны: 8 777 174 69 85


Bikosh.kz интернет-дүкені



Мекен-жайы: Момышұлы д.

Жұмыс уақыты: 09:00 — 21:00

Бағасы:

Шара — 3500 тг

Қасық — 1500 тг

Қалта — 1500 тг

Жеткізу қызметі: жоқ

Байланыс телефоны: 8 702 621 75 76


Toibastar_kalta дүкені



Мекен-жайы: Кенесары к., 40, «7 Континет» БО, 318 А бутигі

Жұмыс уақыты: 16:00 — 19:00, ДС — демалыс

Бағасы:

Жиынтық (шара, қасық, қайшы, қалта) — 7500 тг

Жеткізу қызметі: 700 тг

Байланыс телефоны: 8 777 772 72 72


Traditions.kz интернет-дүкені



Мекен-жайы: Алматы қ., Бостандық ауданы

Жұмыс уақыты: traditions.kz сайтында тәулік бойы, телефонмен тапсырыс қабылдау 9:00 —18:00

Бағасы:

«Бюджет» жиынтығы (тот баспайтын болаттан жасалған шара мен қасық, жапсырма жабыстырылған жаялық, балалар қайшысы) — 10 900 тг

«Стандарт» жиынтығы (ағаштан жасалған шара мен қасық, қолдан өрнектеліп тігілген жаялық, балалар қайшысы) — 17 900 тг

«Премиум» жиынтығы (ағаштан жасалған шара мен қасық, қолдан өрнектеліп тігілген жаялық, балалар қайшысы, тиындар, бонбоньеркалар) — 19 900 тг

Жеткізу қызметі: Астанаға дейін 2500 — 3000 тг

Байланыс телефоны: 8 708 329 57 52, 8 701 715 09 05


Silver_925_astana интернет дүкені



Жұмыс уақыты: 09:00 — 23:00

Бағасы:

Жиынтық (шыны ыдыс, ағаш қасық, маникюр жиынтығы, қорапша) — 5500 тг

Жеткізу қызметі: тегін

Байланыс телефоны: 8 701 774 34 91

Басты беттегі фотосуреттің дереккөзі: mfa.kz

weproject.media

Балаларға наурыз тойы туралы түсінік бере отырып, ұлтымыздың салт-дәстүрлерін бойларына сіңру. Салт-дәстүрлеріміздің ішіндегі баланы қырқынан шығару дәстүрі туралы білімдерін кеңкейту. Балалардың санасын дамыта

Тақырыбы: «Баланы қырқынан шығару».

Мақсаты: Балаларға наурыз тойы туралы түсінік бере отырып, ұлтымыздың салт-дәстүрлерін бойларына сіңру. Салт-дәстүрлеріміздің ішіндегі баланы қырқынан шығару дәстүрі туралы білімдерін кеңкейту. Балалардың санасын дамыта отырып, ұлтымыздың салт-дәстүрін құрметтеу.

Тәрбиеші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың Ұлы күні келді ағайын! Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар және «Бәйтерек» балалар бақшасының ұжымы!

Кең болсын қазағымның керегесі,

Кетпесін Алла берген берекесі,

Алаштың баласына нәсіп болған,

Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!

Ақ мол болсын!

Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

Наурыз келсе, құт келгені, халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық,

Тойға шашу шашайық.

-1.Муз. Композ. Тәрбиешілердің орындауында «Шашу» биі.

Тәрбиеші:
Наурыз келді жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл боп дүние кетті жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік! – дей, келе II-сәбилер «Өркен» тобының бүлдіршіндерінің тақпақпақтарын қабыл алыңыздар!

Сені тойлап қарсы алып,

Бар әлемге жар салып,

Біз Сәлем бердік!

1. Жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды!

2.Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр- әніміз.

3.Уа, ағайын халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтын

Наурыз тойын бастайық!

4.Наурыз келдi елiме,

Наурыз келдi жерiме.

Байлық, бақыт тiлеймiн,

Бүкiл қазақ елiне.

5.Наурызбен құттықтап,

Алыс жақын қаутышты.

Көктемдегі жарқын сәт,

Көңілдерге ауысты

6.Армысыңдар, халайық,

Бармысыңдар халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай,

Жылда қарсы алайық.

7.Шырқап әнге салайық.

Көктем келді, балақай,

Жасарды жер, алақай.

Наурыз тойын тойлайық,

8.Әсем әнге салайық.

Наурыз тойы — тамаша,

Наурыз тойы — жаңаша.

Табиғат та тамаша,

10.Наурыз – бұл мереке

Құтты болсын береке

Қыдыр ата келсін

Жақсы тілек әкелсін.

11.Ұлы күні ұлыстың,

Күн мен түнді теңеген.


12.Тәтті дәмін ырыстың,
Таттық Наурыз көжеден.

13.Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз
Тәтті болып жасаған
Көжеден дәм татамыз

14.Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз

15.Наурыз құтты болсын!
Жыл басы- наурыз!
16.Наурыз құт әкелсін!
Құт береке мейрамы

Наурыз жасасын!

17. Наурыз құтты болсын!
Дені сау, мықты болсын!

18. Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,

-Бәрекелді балалар. Рахмет.

-«Өркен» тобына берілген салт-дәстүрдің түрі «Баланы қырқынан шығару».

Баланы қырқынан шығару

Қырқынан шықпаған баланың еті мен сүйегі бірікпегенін білегінен ұстап байқауға болады. Олай дейтініміз, қырық күнге дейін баланы «тілтиеді», «сұқ өтеді» деп тіл-көзден сақтаған, көрсете бермеген, яғни ана үшін де, бала үшін де қырық күн – қауіпті кезең. Қырқынан шықпаған бөпені көруге үлкендер де талпынбаған. Сол сияқты қырқынан шықпаған баланың көзі де бір түрлі тұманданып, қайда қарап тұрғаны белгісіз болып тұрады. Баланы қырқынан шығарған соң-ақ оның екі көзі жылтырап, жан-жағына көз тоқтатып қарай бастайды. Білегін ұстағанда ет пен сүйегінің біріге бастағаны байқалады, яғни сәбиді қырқынан шығару –  ет пен сүйектің біріккеніне жасалатын құрмет.

Әдетте ұл баланы қырық күнге жеткізбей (37-39 күнде), қыз баланы міндетті түрде қырық күн толтырып барып, қырқынан шығарады. Тіліміздегі «әйел қырық шырақты» деген сөз де осы жаймен байланысты айтылса керек. Қалай болғанда да, ұл мен қыздың дене бітімі екі түрлі. Әйел мен ер адамның күш-қуатында, жаратылысында, дене құрылысында өздеріне тән ерекшеліктері бар, бір есептен қыз бала ұлдан қарағанда нәзік қой. Ұл бала болмысынан төзімді, қайсар дегендей, сондықтан ұл баланы қырықкүнге жеткізбей шығара береді. Бала өміріндегі кезкелген қуаныш тойларының  әрқайсысының ізгітілегі, мақсаты, танымдық үлгісі бар. Бала мазасызданып жылағанда, дұрыс ұйықтамағанда  әжелеріміз «бала қырқын күтіп жүр» деп жатады. Шынында да, құдайдың құдіретіне шек жоқ, жаңағыдай мазасыз жылаңқы баланы барлық жөн-жоралғысымен қырқынан шығарса, жылауы тоқтап, тынышталатын болған. Мұндағы тағы бір ерекшелік, баланы қырқынан шығаруға арнап шақырылатындар – әйел адамдар, осындағы жөн-жоралғыларды әйелдер атқарады. Бүгінде «әйтеуір қырқынан шығару керек» деген түсінікпен, оның астарына мән бермей жүргендер бар.  

-Осы дәстүрімізді қазір «Өркен» тобының ата-аналары сахналайды, көріп тамашалаңыздар!

-2.Муз. Күй «Көңіл шаттығы».

Тәрбиеші:

Сыйлай білсең ата-баба мұрасын,

Қазақтардан табылады жыр асыл.

Бата берсін көпті көрген қария,

Әр қазақтың тойбастары болғасын.

-3. Муз. «Той бастар».

Тәрбиеші:
Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей аталардан бата күтеміз.

Бата.

Ұлысың оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барса да жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын! Амин.

Тәрбиеші: Айтқан батаңыз қабыл болсын!

Ұлыстың ұлы күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.

Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош, сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!

Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!

-4.Муз. Р.Рымбаева «Наурыз думан».

infourok.ru

Отправить ответ

avatar
  Подписаться  
Уведомление о